Референдум • Бүгін, 19:15

Референдум-2026: 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде тұратын қазақстандықтар республикалық референдумда белсенді дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Референдум-2026: 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

Референдумда 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқарып жатыр. 

Референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-ден бері жүргізіліп келеді. Уақыт айырмашылығына байланысты сағат 19:00-ге дейін шетелдегі барлық учаскелер ашылып, оның 14-і жабылып үлгерді. Осыған дейін келіп дауыс бергендер саны 9050 адамды құрады. 

Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске өз жұмысын аяқтайды. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі ең соңғы болып 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де шетелдегі сайлау үдерісін тәмамдайды. 

Айта кетейік, Референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берген Токио қаласындағы Қазақстан азаматы, «Нихон» универститетінің 3 курс студенті Жібек Айдын болды. 

Референдум-2026: 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

 
Соңғы жаңалықтар